Қарғалы ауданына Ақтөбе облысының ТЖД басшылығының жұмыс сапары

Қарғалы ауданына  Ақтөбе облысының ТЖД басшылығының жұмыс сапары

21 қазан күні аудандық бөлімшелерге жоспарлы шығу аясында Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен Ақтөбе облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Аманбаев, "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Ермағамбетов және өзіндік қауіпсіздік басқармасының    полиция подполковнигі Ш. Сартов келді.

   Жұмыс сапары аясында ТЖД бастығы жеке құрамның жауынгерлік дайындық жағдайымен, гарнизон техникасының материалдық - техникалық жабдықталуымен және қарауылдық қызметті атқарудың тұрмыстық жағдайымен танысты, гарнизонның жеке құрамымен әңгімелесті, ТЖ бөлімі мен өрт сөндіру бекетінің басшылығына істің жағдайын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.

  Аудан әкімі А.К. Жүсібалиевпен кездесуде қысқы көктемгі кезеңге дайындық мәселелері талқыланды. Одан әрі Қарғалы ауданының өлкетану мұражайына барып, ауданның тарихымен танысты.

 

  Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы