Қысқы ТЖ-ға дайындық және қорғаныс бөгеттерінің жағдайы

Қысқы ТЖ-ға дайындық және қорғаныс бөгеттерінің жағдайы

Ағымдағы жылғы 21 қазанында Ақтөбе облысы ТЖ департаменті жол ұйымдарының басшылығымен бірлесіп, "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен ұшу және көзбен шолып қарау арқылы алдағы қыс пен су тасқыны кезеңіне жол инфрақұрылымының дайындығын тексеру мақсатында Ақтөбе-Астрахань Республикалық маңызы бар жолы тексерілді, онда 100-ден 220 км-ге дейінгі учаскені қайта жаңарту жүргізілуде.
Бұл ұшу жол жөнделетін машиналардың ықтимал жинақталу орындарын және қажет болған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қабілетті күштердің ең тиімді орналасу орындарын анықтауға мүмкіндік берді.

 

  Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы