
Халықаралық еріктілер күніне орай Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп жүрген еріктілердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз уақытын, күш-жігерін жұмсап жүрген еріктілердің жыл бойғы еңбегін бағалау және олардың қызметін одан әрі дамытуға қолдау көрсету.
Іс-шара барысында ағымдағы жылы еріктілер тарапынан атқарылған жұмыстардың қорытындысы ұсынылып, төтенше жағдайлардың алдын алу, халыққа түсіндіру жұмыстары, іздестіру-құтқару іс-шараларына қатысу бағытындағы нәтижелер талқыланды.
Еріктілер қозғалысына белсенді үлес қосып жүрген азаматтар Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Құрметті барша еріктілер, Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақтөбе облысының ТЖД