Ақтөбе облысының Төтенше жағддайлар департаментінде өңірдің Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің түсіндірме шарасы өтті

Ақтөбе облысының Төтенше жағддайлар департаментінде өңірдің Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің түсіндірме шарасы өтті

Іс-шараға Департаменттің бөлім прокуроры Утемисов Асылан Кикбаевич қатысып, жеке құрамға «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» талаптары мен азаматтардың жолданымдарын тіркеу, есепке алу тәртібіне қатысты маңызды түсініктемелер берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу және «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығының нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Түсіндіру жұмыстары қызметкерлердің әкімшілік рәсімдер саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтармен өзара әрекеттесудің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақтөбе облысының ТЖД