Ақтөбеде әйелдер кеңесінің кезекті отырысында қызметкерлердің отбасыларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Ақтөбеде әйелдер кеңесінің кезекті отырысында қызметкерлердің отбасыларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Іс-шараға Департаменттің бөлім прокуроры Утемисов Асылан Кикбаевич қатысып, жеке құрамға «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» талаптары мен азаматтардың жолданымдарын тіркеу, есепке алу тәртібіне қатысты маңызды түсініктемелер берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу және «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығының нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Түсіндіру жұмыстары қызметкерлердің әкімшілік рәсімдер саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтармен өзара әрекеттесудің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақтөбе облысының ТЖД