Департамент бастығының бірінші орынбасары төрағалығымен тұрғын үй төлемдеріне қатысты мәселелерді талқылауға арналған кеңейтілген жиналыс өтті.
Кеңеске құрамына кіретін қызметкерлермен қатар, жеке құрамның әйелдер қауымы – қызметкерлердің жұбайлары да қатысты. Олар тұрғын үй төлемдерін рәсімдеу, есептеу тәртібі және осы саладағы өзгерістер бойынша өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Отырысты жүргізген бірінші орынбасар тұрғын үй төлемдерінің дұрыс әрі уақытылы төленуінің маңыздылығын атап өтіп, қатысушы әйелдер қауымының ұсыныстарына ерекше назар аударылатынын жеткізді. Сонымен қатар, жауапты бөлімдерге ақпараттандыру жұмыстарын күшейту және қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету шараларын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл жиын азаматтық қорғау органдары ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, қызметкерлердің отбасылары тарапынан сенімді нығайту және Министрліктің жағымды имиджін қалыптастыруға бағытталды.
Ақтөбе облысының ТЖД