Қызметкерлер арасындағы тәуелділіктің алдын алуға бағытталған семинар ұйымдастырылды

Қызметкерлер арасындағы тәуелділіктің алдын алуға бағытталған семинар ұйымдастырылды

«Семья» медициналық орталығының психотерапевт-психиатры И. Кузнецовтың қатысуымен «Ойынқұмарлық және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және анықтау амалдары» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға тәуелділік түрлерінің психологиялық ерекшеліктері, қауіп факторлары, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсаудың ерте белгілерін тану және алдын алу әдістері жөнінде маңызды мәліметтер берілді.

Семинар басшылық құрамның қызметкерлер арасында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәуекелдердің алдын алу бағытындағы білімін арттыруға ықпал етті.

Ақтөбе облысының ТЖД