Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, Алға ауданының ТЖБ қызметкерлері №1 Алға мектеп-бақшасының оқушылары мен мұғалімдеріне өрт қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қарапайып өрт қауіпсіздік ережелерін үйде, көшеде және мектеп ғимаратында үнемі сақтап, естен шығармаулары туралы түсіндірілді. Өрт туындаған кезде сабырлық танытып, шкафтар мен төсектердің астына тығылмай нақты әрі сенімді шешім қабылдап, өрт туралы қорықпай 101 немесе 112 телефондарына хабарлау тәртібі туралы айтылып кетті. Қорытындылай келе алған білімдерін саналарына нақтылау мақсатында, түсіндіріліп кеткен қауіпсіздік ережелеріне көз жүгіртіп сұрақтар қойылды. Балалардың толыққанды санасына сінгендігіне көз жеткізілді.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы