
Ақтөбе облысында 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Басты мақсат – өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу. Осы бағытта бүгінгі күні жалпы ұзындығы 2,2 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері жөнделіп, нығайтылды. Сонымен қатар 4,5 шақырым арық жүйелері тазартылып, қазу жұмыстары жүргізілді. 2 шақырым өзен арналарының жағалаулары бекітіліп, 3 шақырым өзен арналары тазартылды. Бұл шаралар су тасқыны қаупін азайтуға және су ағындарының еркін өтуін қамтамасыз етуге бағытталған. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары облыс әкімдігі мен тиісті қызметтердің қатаң бақылауында болып, бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.