«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасындағы «112 құтқару қызметі» айдары

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасындағы «112 құтқару қызметі» айдары

Эфирде «Газқағар: бұл не және оны қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыбындағы жаңа шығарылым жарық көрді. Басты мақсат - азаматтық қорғаныс негіздерін түсіндіру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету. Сюжетте газқағарды қалай дұрыс кию керек, қауіп кезінде абдырап қалмау жолдары және алдын ала жаттығудың маңызы көрсетілген. Бұл бейнематериал мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейін пайдалы. Себебі қауіпсіздік ережелерін білу - өмірді сақтаудың кепілі.

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасындағы «112 құтқару қызметі» айдарын көріп, кез келген төтенше жағдайға дайын болыңыздар!