Жеке құрамның қысқы арнайы киім үлгісіне ұйымдасқан түрде ауысуы үшін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті аумағында саптық байқау жүргізілді. Байқау нәтижесі бойынша қызметкерлер өзінің толық дайындығын көрсетті. Аталған іс-шараға Департаменттің басшылығы қатысты.
Басшылық және жауапты тұлғалар саптық дағдының деңгейін, бөлімшелердің үйлесімдігін, сыртқы келбетін, киім-кешек түрлерін, қызметтік куәліктің бар болуын, жеке нөмірі көрсетілген жетондарды, қызметтің жеке құрамының айырмашылық белгілерін тексерді.
Бөлімшелер бастықтарының сапты еппен басқара білуі және құрылымдық бөлімшелерінің және өрт сөндірушілердің саптық дайындығының жай-күйі көрсетілді.
Саптық тексеріс нәтижелерін Ақтөбе облысы департамент бастығының орынбасары подполковник Қ.Қасым жақсы деп таныды. Азаматтық қорғау қызметкерлері үшін осыған ұқсас байқаулар Департаменттің барлық бөлімшелерінде жүргізілді.
Саптық байқаулар қызметкерлердің патриоттық сана-сезімін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау тарихи дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастырады, тұлғалық еріктілік, физикалық қасиеттерді дамытады және жауапкершілік сезімі мен ұжымшылдықты қалыптастырады.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы