Сіріңке балалардың ойыншығы емес

Сіріңке балалардың ойыншығы емес

Барлық кішкентай балалар оттың қауіп-қатерін ескермей, от жағуға әуес болып келеді. Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өздерінің ойындарында ересектердің іс-әрекетін жиі қайталайды.

Балалар үйде жалғыз қалған кезде еркіндікті сезініп, өз бетінше дербес іс-қимыл жасауы мүмкін.

Ересектер әр түрлі жағдайларға байланысты балаларды қандай да бір уақытта қадағалаусыз қалдыруға мәжбүр болған жағдайлар болады.

Бала үйде қараусыз қалған кезде «Сіріңке қорабымен ойнамайды, қағаз жақпайды, өртемейді», - деп, нақты сенімді болуға болмайды. Егер балалар жабық пәтерлерде немесе бөлмелерде қалатын болса, онда тіпті қауіпті. Өрт болған жағдайда олар қауіпті бөлмеден сыртқа шыға алмайды. Осыған орай «Сіріңке – бір өмірдің бағасы» өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңіндегі кешенді алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес 12 қазан күні Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебінде ТЖБ қызметкерлерімен және Көкшетау техникалық институтының 3-курс курсанттарының қатысуымен «Құтқарушы», «Абайлаңыз! Улы газ» және «Өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану» тақырыбында сабақтар өткізілді. Сабақ барысында 75 оқушы және 10 мұғалім қамтылды.

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы