2020 жылғы 7 қазан 12 сағат 20 минутта өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 282 үй мекенжайы бойынша қылтимадағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 10 бірлік техника мен 45 адам жіберілді. Жылдам жеткен өрт сөндірушілер жетінші қабаттағы пәтердің қылтимасынан ашық өртті анықтады. Өрт сөндіру барысында 85 адам құтқарылды, оның 25-і балалар. Сонымен қатар 70 адам эвакуацияланды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.
Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы