Хабарламаны келесі тәсілдердің біреуі арқылы жіберуге болады:
1) eQonaq ақпараттық жүйесі немесе мобильді қосымша арқылы;
2) Аумақтық органның сайтында көрсетілген электрондық поштаға;
3) 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет телефоны арқылы.
Хабарламада келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- Жеке тұлғаның ТАӘ және байланыс деректері. Топтық саяхат кезінде — топ мүшелерінің саны және олардың байланыс деректері;
- Маршруттың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
- Қозғалыс бағыты (бастапқы және соңғы нүктесі, ұзақтығы, қону және демалу орындары);
- Алғашқы көмек көрсету құралдарының, байланыс құралдарының, зарядтау құрылғыларының және сигнал беру құралдарының бар-жоғы;
- Қолданылатын қозғалыс құралдары (бар болса);
- Қосымша ақпарат (бар болса).
Аумақтық органдар хабарламаларды тіркейді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізеді.
Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесі:
№ |
Облыс, қала, аудан атауы |
Жергілікті жердің, су және тау объектілерінің, спелеологиялық объектілерінің атауы |
Орналасу координаттары |
1 |
Ақтөбе обл. Қарғалы ауданы |
Мылқау ауылы |
50.912905 58.319218 |
2 |
Ақтөбе обл. Қарғалы ауданы |
Қасқыр сарқырамасы |
50.8645613 58.2897170 |
3 |
Ақтөбе обл. Мәртөк ауданы |
Мыңжылдық папортник орманы |
50.921229 56.966007 |
4 |
Ақтөбе обл. Мәртөк ауданы |
"Аққайын" орманы |
50.794595 56.921027 |
5 |
Ақтөбе обл. Қарғалы ауданы |
Қарғалы су қоймасы
|
50.585493 57.795890 |
6 |
Ақтөбе обл. Хромтау ауданы |
"Айдарлыаша" геоморфологиялық қимасы |
50.292540 57.802723 |
7 |
Ақтөбе обл. Мұғалжар ауданы |
"Орқаш" мемлекеттік табиғи қорығы |
49.367348 58.192451 |
8 |
Ақтөбе обл. Ойыл ауданы |
"Барқын" құмдары
|
49.036434 54.810472 |
9 |
Ақтөбе обл. Ырғыз ауданы |
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты |
48.675092 61.261608 |
10 |
Ақтөбе обл. Ырғыз ауданы |
"Жаманшин" метеорит кратері
|
48.409903 60.974048 |
11 |
Ақтөбе обл. Байғанин ауданы |
"Аққұм" құмдары
|
48.121834 55.599078 |
12 |
Ақтөбе обл. Байғанин ауданы |
Ақтолағай борлы тауы
|
47.514281 55.123581 |
13 |
Ақтөбе обл. Байғанин ауданы |
"Ақбота-Сәңкібай" тауы
|
47.742929 55.506712 |
Ақтөбе облысының ТЖД