Ақтөбедегі №25 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі тәртіп пен жинақылықтың сұлулық пен жайлылықпен үйлесе алатынын тағы да дәлелдеп отыр. Бөлім аумағында төтенше қызметтердің стилінде жасалған, «112 KZ» деген символдық жазуы бар жаңа архитектуралық нысан – субұрқақ пайда болды. Жанында – тыныштық пен шабыт сыйлайтын шағын тоған.
Бұл субұрқақ тек әшекей ғана емес, қырағылықтың, күштің және әрдайым көмекке дайын болудың белгісі. «112 KZ» жазуы – өрт сөндірушілердің басты миссиясын: азаматтардың өмірін, табиғатты және мүлікті қорғауды еске салу.
Енді №25 МӨСБ – тек кәсібилік пен күштің мекені ғана емес, жаңа жетістіктерге шабыт беретін әсемдік бұрышы.
Ақтөбе облысының ТЖД