«Ауыл құтқарушылары»: Ақтөбе облысында ауылдық құтқарушылар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын

«Ауыл құтқарушылары»: Ақтөбе облысында ауылдық құтқарушылар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ауылдық құтқарушылар арнайы дайындықтан өтіп, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға толықтай дайын.

Құтқарушыларға теориялық және практикалық сабақтар өткізілді: мамандар алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша оқытты. Оқу-жаттығу жұмыстары Әлімбет және Қос-Істек ауылдарындағы өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамымен ұйымдастырылды.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде дайындықтан өткен құтқарушылар кез келген төтенше жағдайға жедел әрі тиімді әрекет етуге әзір.

Ақтөбе облысының ТЖД