Ақтөбеде БАҚ өкілдері құрметке бөленді

Ақтөбеде БАҚ өкілдері құрметке бөленді

Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай Ақтөбе қаласындағы №25 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ерекше форматтағы мерекелік шара өтті. Күн тәртібі өрт сөндіру техникасының ашық көрмесінен басталды. БАҚ өкілдеріне заманауи құрал-жабдықтар мен құтқару көліктері таныстырылып, олардың қалай жұмыс істейтіні көрсетілді. Қауіп-қатермен бетпе-бет келетін мамандардың күнделікті қызметі БАҚ өкілдерін ерекше әсерге бөледі. Одан кейінгі белсенділік – кроссфит жарысы. Журналисттен спорттық додада бақ сынасты. Шара соңында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының Алғыс хатымен бірқатар БАҚ өкілдері марапатталып, олардың төтенше жағдайлар кезінде шынайы әрі жедел ақпарат таратқан еңбегіне жоғары баға берілді.

Ақтөбе облысының ТЖД