Жеке құраммен түсіндіру жұмыстары өтті

Жеке құраммен түсіндіру жұмыстары өтті

Ақпараттық шара аясында жеке құрамға ЖИТС-тің алдын алу және психотропты заттардың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ЖИТС алдын алу және күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Д. Уразалина АИТВ жұғу жолдары, 
 алдын алу тәсілдері мен ағзаға кері әсері туралы толық ақпарат берді. 

Сонымен қатар, есірткі мен психотропты заттардың физикалық және психикалық денсаулыққа зияны жайлы бейнематериалдар көрсетілді.

Шара мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу, қоғам қауіпсіздігіне төнетін қатерлер туралы түсіндіру.

 

Ақтөбе облысының ТЖД