Ақтөбе облысының жас құтқарушылар командасы республикалық слетке дайындалуда

Ақтөбе облысының жас құтқарушылар командасы республикалық слетке дайындалуда

Ақтөбе облысының жас құтқарушылар командасы Көкшетау қаласында өтетін республикалық жас құтқарушылар слетіне қызу дайындалып жатыр. Бірнеше күн бойы балалар түрлі оқу-жаттығу шараларынан өтіп, теориялық және практикалық дағдыларын жетілдіруде.

Слеттің мақсаты — өскелең ұрпақтың төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету қабілетін арттыру, азаматтық қорғаныс негіздерін меңгерту, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын дамыту.

Ақтөбелік жас құтқарушылар арнайы бағдарлама бойынша дайындалып жатыр. Жаттығуларға альпинистік дайындық, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндіру, сондай-ақ кедергілер жолағынан өту сияқты жарыстар кіреді. Сонымен қатар, қатысушылар тәртіп пен ұйымшылдықты нығайтуға бағытталған тәрбиелік іс-шараларға да белсене қатысуда.

Аталған команда облыста өткен іріктеу жарыстарынан сүрінбей өтіп, республикалық кезеңге жолдама алған.

Жас құтқарушыларға сәттілік тілейміз! Көкшетауда өтетін байқауда облыс намысын лайықты деңгейде қорғайды деп сенеміз.

Ақтөбе облысының ТЖД