Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері жылу-түтін камерасында практикалық дайындықтан өтті

Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері жылу-түтін камерасында практикалық дайындықтан өтті

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 2025 жылға арналған тактикалық-арнайы даярлықтың жоспар-кестесіне сәйкес оқу-жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Жоспарға сәйкес, Департаменттің аппарат қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары жылу-түтін камерасында арнайы дайындықтан өтті.
Аталған оқу-жаттығудың мақсаты — жеке құрамның жоғары температура мен шектеулі көрінетін жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану, сондай-ақ төтенше жағдайларда шешім қабылдау қабілетін дамыту.
Жылу-түтін камерасындағы дайындық барысында қатысушылар шартты түтінденген ғимаратта қауіпсіз эвакуация, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру және бағдарлану ережелерін пысықтады. Жаттығу барысында қызметкерлердің психологиялық және физикалық төзімділігіне ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай оқу-жаттығулар Департаменттің қызметкерлерін кәсіби тұрғыда шыңдауға, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Ақтөбе облысының ТЖД