Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, өрт сөндіруді ұйымдастыру деңгейін арттыру мақсатында өрт сөндіру бөлімдерінің басшы құрамымен, қарауыл бастықтарымен және жүргізуші-қызметкерлерімен теориялық және практикалық бағыттағы оқыту семинар-жиын өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіру, техниканы тиімді пайдалану, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар, жауынгерлік дайындықты жетілдіруге бағытталған практикалық жаттығулар мен нұсқаулық сабақтар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, оқыс жағдайларда шұғыл әрекет ету дағдыларын дамыту және өрт сөндіру бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Мұндай семинар-жиындар жеке құрамның кәсіби даярлығын жетілдірумен қатар ТЖД жедел қызметтерінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Ақтөбе облысының ТЖД