Ақтөбе облысында жоғалған жігіт табылды

Ақтөбе облысында жоғалған жігіт табылды

Ақтөбе облысында 1999 ж.т. жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол Сарат ауылынан Сарыбұлақ ауылына қарай мал бағу үшін мотоциклмен шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру-құтқару операциясына ТЖД, ПД, ЖАО күштері және елді мекен тұрғындары жұмылдырылды. Үйлестірілген іс-қимылдың нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары елді мекеннен 60 шақырым қашықтықта жігітті шаруа қожалықтарының бірінің аумағында тапты. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет етпеді.

Ақтөбе облысының ТЖД