
Осыдан бұрын 2024 жылдың шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін Департамент қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 51 әкімшілік хаттама толтырған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ғимаратында Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бақыт Абланов мәлімдеді.
2024 жылы шомылу кезеңінде облыстың су айдындарында адам өліміне байланысты 13 жазатайым оқиға тіркелді.
Аймақта шомылуға арналған 69 ресми орын бар. Бүгінгі таңда қосымша ресми шомылу орындарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жазғы кезеңде халықтың қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін Департамент Бурабай,Щучье , Большое Чебачье, Зеренді, Қопа көлдерінің және Аршалы кентінің су айдындарында патрульдеу ұйымдастырады. Шомылу кезеңінде төтенше жағдайларға ден қою мақсатында тұрақты дайындықта 99 құтқарушы, 20 бірлік автомобиль және құтқару техникасы, 32 бірлік жүзу құралдары бар.
Департамент қызметкерлері соңғы айда облыс су айдындарында 6 адамды құтқарды, оның ішінде 5 кәмелетке толмағандар.
Сондай-ақ құтқарушылар су айдындарына келу ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 7 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Ақмола облысы ТЖД