Ақмола облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Ұлы Отан соғысының соңғы оқтары шыққан күннен бастап 80 жыл өтті. Бұл күні Көкшетауда Даңқ аллеясындағы "Мәңгілік алау" мемориалдық кешенінің жанына гүл шоқтарын қою бойынша салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға Ақмола облысының басшылығы, ардагерлер ұйымдары, қоғам қайраткерлері қатысты. Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері де соғысқа қатысушыларды еске алды.
Жиналғандар біздің болашағымыз үшін өмір сыйлаған соғысқа қатысушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ақмола облысы ТЖД