Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Мәлік Ғабдуллин мұражайына барды.
Іс – шараның тақырыбы - "Жеңіске жету жолы", мұражай қызметкерлері құтқарушыларға атақты жерлестің өмірі, жауынгерлік жолы және ғылыми қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ, экскурсияға қатысушылар мұражай экспонаттарымен танысып, тарихқа тоқталды. Құтқарушылар Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин туралы көптеген қызықты фактілерді білді. Олардың айтуынша, мұндай іс-шаралар туған өлкенің тарихы туралы білім беріп қана қоймай, патриотизмге үйретеді.
Ақмола облысы ТЖД