Ақмола облысы ТЖД футбол командасы - өңірдегі үздік команда

Ақмола облысы ТЖД футбол командасы - өңірдегі үздік команда

Көкшетауда "Жауынгер-2025" спартакиадасы аясында Ақмола облысының күш құрылымдары арасында шағын футболдан чемпионат өтті.

Жарысқа өңірдің күш құрылымдарының барлығы 10 команда қатысты. Құтқарушылар барлық алдын ала кездесулерде табанды күресте жеңіске жетті. Финалда олар лайықты қарсылас - полиция департаментінің футболшыларын кездестірді. Бірақ тәртіп сақшылары ТЖД құрамасын жеңе алмады, нәтижесінде құтқарушылар ең мықты болып, лайықты жеңіске жетті.

Сонымен қатар, "Ең нәтижелі команда" номинациясында ТЖД құрамасы ең көп гол соқты – 15 гол соқты, тек 1 гол жіберіп алды. Бұдан басқа, "Үздік қорғаушы" номинациясы бойынша - Жақсы ауданы ТЖБ 13-ӨСБ қарауыл бастығы Бақтияр Байтиков.

Ақмола облысы ТЖД