Жалпы-облыстық құқықтық сабақ онлайн

Жалпы-облыстық құқықтық сабақ онлайн

Көкшетауда түрлі ведомстволар мен құрылымдардың өкілдері мектеп оқушылары арасында қауіпсіздік мәдениетіне арналған іс-шара өткізді.

Жалпы облыстық құқықтық сабаққа білім беру, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Іс-шара негізінен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналды. Алайда, жазғы кезеңнің басталуына байланысты ТЖ өкілдеріне де жеке сөз берілді.

Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Амир Амангелдинов «Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында сөз сөйледі. Судағы мінез-құлық ережелері, мұғалімдер мен ересектердің мұқият назар аудару қажеттілігі туралы айтылды. Ақпарат кең аудиторияға жеткізілді. Онлайн-сабақпен өңірдегі 10 мыңнан астам оқушысы бар 160 мектеп қамтылды.

Ақмола облысы ТЖД.