Білім беру объектісіндегі өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

Білім беру объектісіндегі өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

Көкшетау қаласының ТЖБ гарнизоны Станционный кентінің № 7 мектебінде болған шартты өртті жойды.

 

Аңыз бойынша, білім беру мекемесінде 20 шаршы метр алаңда өрт ошағы пайда болған. Ескерту жүйесі енгізіліп, мектеп оқушылары мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендерді іздеуге кіріскен өрт сөндіру есептері құрылды.

 

Оқу-жаттығу шарттары бойынша мектептен екі бала эвакуациалауға үлгермеді. Құтқарушылар оларды тауып, құтқару капюшонын киіп, ғимараттан эвакуациялап, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерінің қолына берді. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін құтқарушылар мектеп қызметкерлерімен қосымша әңгіме өткізіп, қауіпсіздік ережелерін еске салды. Іс-шараға жеке құрамның 26 адамы және 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Ақмола облысы ТЖД