Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында халықтың қауіпсіздігіне арналған отырыс өткізілді.
Іс-шара барысында электр сымдарын монтаждау және пайдалану шарттарын бұзуымен байланысты салдардың алдын алу және азайту мәселелері көтерілді. Ақмола облысы ТЖД өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдардың үйлестірілген жұмысының қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік органдардан басқа облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы және монтаждаушы ұйымдардың өкілдері қатысты.Аталған іс-шара қолайсыз оқиғалардың мониторингі мен алдын алу жүйесін күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тәуекелдерді азайту және халықты қорғау үшін мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.
Ақмола облысы ТЖД