ТЖ Департаментінде адам өмірін сақтап қалғаны үшін марапаттау шарасы өтті.
Бірінші болып Ақмола облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бүркіт Алшынбаев пен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел - құтқару жасағының құтқарушысы Әсет Шәріпов марапатталды. Жақсы ауданындағы су тасқыны кезінде, түнгі уақытта жол төсемінің толып кетуінен өтпек болған кезде, үш адам тұрған көлік су ағынымен алып кетті. Полицей мен құтқарушының өз тәуекелімен көмекке келген қаһармандық әрекеттерінің арқасында екеуі құтқарылды.
Қорғалжын ауданында болған келесі эпизодта батып бара жатқан балықшыға балық шаруашылығы инспекторы Әсет Ғаббасов және тәртіп сақшылары Ержан Аманали және Нұрлан Мұхаметжанов көмекке келді. Олар уақытында келмесе, трагедиядан аулақ бола алмас еді. Сабынды ауылының тұрғынын мұз ағынынан шығарып алып, оны фельдшерлік пунктке жеткізді.
Ақмола облысы ТЖД бастығының бұйрығымен батырлар төтенше жағдайларда адамдардың өмірін сақтап қалу кезінде көрсеткенрабігі мен жанқиярлығы үшін грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов ерекшеленгендерді марапаттай отырып, олардың іс-әрекеттері қалғандарына үлгі болуға тиіс екенін атап өтіп, адам өмірін сақтап қалуда көрсеткенагігі мен тапқырлығы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, BATYR TEAM клубының символикасы бар спорттық форма мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақмола облысы ТЖД