Қазіргі уақытта Біржан сал ауданындағы жеке тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу тіркелген жоқ.
Жұмыстардың негізгі Макинка ауылының бөгеттеріне жасалды. Мұнда жақын маңдағы ормандардан еріген суды қабылдаған алғашқы бөгет қауіп төндірді.
Гидротехникалық құрылысты нығайтуға 196 адам, 78 арнайы техника жұмылдырылды.
Жүргізіліп жатқан шараларға бөгетті нығайту, полимерлі пленканы, инертті материал салынған қаптарды төсеу кірді. Сондай-ақ, жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалар қолданылып, олардың көмегімен суды каскадты тәртіпте орналасқан бір бөгеттен екіншісіне айдау жүргізілді.
Үш тәулік бойы үздіксіз жұмыстың арқасында 400 мың текше метрге жуық су айдалып, 350 м. бөгет қалпына келтіріліп, 22900 қап құм төселіп, ұзындығы 250 м және биіктігі 1 метр үйінді тұрғызылды.