Ақмола облысында жеке құрамның саптық байқаулары өтті

Ақмола облысында жеке құрамның саптық байқаулары өтті

Көкшетау және Щучинск қалаларында өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттерді жоюға тартылған күштер мен құралдар тексерілді.

Өрт қауіпті кезеңі ресми түрде тек 14 сәуірде басталатынына қарамастан, ақмолалық өрт сөндірушілер құрғақ шөптің бірқатар өрттерін жойып үлгерді. Табиғи өрттерге жедел ден қою үшін өңірде жеке құрамнан 300 адамнан тұратын топ және 50-ге жуық жоғары өтімді техника дайындалды.

 «ТЖД қызметкерлері толық дайындықта. Қажет болған жағдайда күштер мен құралдар облыс өңірлері арасында ауыстырылатын болады», - деп атап өтті ӨС және АҚЖҰБ бастығының орынбасары Руслан Базарбаев/

Ақмола облысы ТЖД