
Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде жұмыстар белсенді жүргізілуде, мұнда қосымша күштер тартылды.
Қазіргі уақытта үлкен суды қарсы алу жұмыстарымен қаланың ең су тасқыны қауіпті учаскелері қамтылған. Бұрын су басқан № 1 мектептің жанында инертті материалы бар қапшықтан білік салынуда. Мұнда Алматы облысынан Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еңбек етуде. 45 адамнан тұратын топ келді. № 4 мектеп-интернаттың жанында Көкшетаудан келген 30 адамнан тұратын Ақмола облысы ТЖД күштері қорғаныс салуда. Өңірдің аумақтық қорғанысы қатарынан тағы 37 адам басқа учаскелердегі іс-шараларға тартылды. Сондай-ақ, Атбасарға кіретін суды басқа қауіпсіз арналарға айдау жұмыстары жүргізілуде.
Ақмола облысы бойынша жұмыс сапары аясында қалаға ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов келді. Ол 4 МӨСБ барып, өрт сөндіруші құтқарушылар қызметінің тұрмысымен және жағдайымен танысты. Сондай-ақ, ол Жабай өзенінің жағасында болды, онда су қоймасының арнасын кеңейту және оны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылармен және ЖАО өкілдерімен әңгімелесу барысында Рамиль Камалов жұмыс барысына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, вице-министр су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде бірлесіп жұмыс жасау қажет болатын қаланың басқа да учаскелерін аралады.
Ақмола облысы ТЖД