
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде.
Тек 1 күн ішінде 1500 текше су сорылып, 450 дана қап төселіп, тағы 1200 қап дайындалды. Ұзындығы 250 метр арықтар тазартылды. Қала орталығында КАМАЗ негізінде жылжымалы сорғы станциясы және мотопомпа іске қосылды. Елді мекеннің шетінде орналасқан бөгеттің бақылауымен барлық жерде су бұру жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. ТЖМ және ЖАО бөлімшелерінің ішінен 78 адам мен 49 техника жұмылдырылды.
Ауданға келетін болсақ, автожолдардың тасу қауіпі жоқ. Тұрғындардан алынған әрбір сигналға жедел шығуға дайын 5 мобильді топ кезекшілік етеді.
Жағдаймен Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов танысты, ол қажет болған жағдайда жергілікті азаматтық қорғау күштеріне қосымша көмек көрсетілетінін атап өтті.
Ақмола облысы ТЖД