Су тасқыны ТЖМ бақылауында

Су тасқыны ТЖМ бақылауында

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Сапардың мақсаты-су тасқыны жағдайын бағалау. Алексей Советов Есіл, Жарқайың, Жақсы, Сандықтау, Атбасар және Зеренді аудандарында болды. Гидротехникалық құрылыстарға, әсіресе су басуға бейім учаскелерге барып, су тасқынын дайындау және болжау тұрғысынан мамандармен әңгімелер жүргізілді. Сондай-ақ, аудан басшылығымен кездесулер өткізіліп, онда су тасқыны кезеңінен өту мәселелері талқыланды. Облыста Астана қаласы ТЖД күштерінің топтамасы және 52859 және 28237 екі әскери бөлімнің әскери қызметшілері жұмыс істеп жатқанын атап өтуге болады. Өңірдегі сапар соңында жедел кеңес өткізілді.

Ақмола облысы ТЖД