Өрт кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау

Өрт кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау

Көкшетау қаласының 14-ОМ-де жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

ТЖ туындаған кездегі барлық іс-шаралар кешені, яғни құтқарушылар келгенге дейін білім беру мекемесінің әкімшілігі мен қызметкерлерінің әрекеттері пысықталды.

Сонымен қатар, оқушыларды үшінші қабаттан үш иінді және шабуыл сатысымен біріктіріп орнату арқылы құтқару сияқты кіріспе жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің қосымша буыны тартылып, автосатының көмегімен оқпан шатырға  дейін жеткізілді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі