Шынжырды жұлып алып итті өрттен құтқарды  

Шынжырды жұлып алып итті өрттен құтқарды   

Кеше Заводская кентінде «Сантик» ЖШС ұйымының аумағында 500 ш.м. алаңда қойма үй-жайында өрт орын алған болатын. Өрт 2 сағат ішінде жойылды.

Отқа оранған қойма аумағында шынжырға байланған ит қалып қойған. Ол өрттен қорқып, оны құтқарғысы келген өрт сөндірушілерден қашып, ұстатпаған. Әріптестері өртті сөндіріп жатқан уақыттаа, 3-МӨСБ бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Шалқар Шәкіров шынжырды қабырғадан жұлып алып, итті босатқан.

Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында құрбандар мен зардап шеккендер болмады.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі