Ақмола облысы ТЖД-де саптық байқау өтті  

Ақмола облысы ТЖД-де саптық байқау өтті   

Бұл іс-шараны өткізу қызметкерлердің жазғы киім нысандарына ауысуымен байланысты болды.

          Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның нысанды киім кию ережелерін сақтауын тексеру және үлгілі келбетін сақтау. Тексеру барысында қызметтік куәліктер мен жетондардың болуы, қызметкерлердің киім үлгісіне қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілді.

          Саптық байқау қорытындысы бойынша ТЖД қызметкерлеріне жазғы киім нысанына көшуге дайындығына оң баға берілді.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі