«Суға батқан адам» аман-сау табылды  

«Суға батқан адам» аман-сау табылды   

Атбасар ауданында керемет оқиға орын алды. Жабай өзенінің тасуы салдарынан пайда болған су басқан учаскеде 1977 жылы туған ер адам суға батып кетті деген күдікпен оны іздеп табу үшін кеше Ақмолалық құтқарушылар шақырылған болатын.

Іздеудің бірінші күні еш нәтиже бермеді. Бірақ, бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі және аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көргеніне қуанған. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Айта кететіні, ер адам бұталардың арасында бір жарым күн отырған.

Ең бастысы, ер адамның су басқан учаскеге не үшін және қалай барғаны қазір Атбасар ауданының полиция бөлімінде анықталуда.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі