Ақмола облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы туралы  

Ақмола облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы туралы   

Қазіргі уақытта облыс аумағында су тасқыны тұрақты-шиеленісті режимде өтуде. Өңірлердегі су тасқыны жағдайы үнемі бақылауда.

Жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарымен елді мекендерді су басуға жол бермеуге және халыққа келтірілген залалды барынша азайтуға бағытталған барлық қажетті су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 44 мың м. үйінділер тұрғызылып нығайтылды, 3 млн. текше метрден астам су сорылды, 300 мыңнан астам инертті материал салынған қапшықтар төселді, 85 км-ден астам каналдар мен арықтар тазартылды және тереңдетілді, 1443 су өткізу құрылыстары тазартылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 1410 адам, 280 техника, 17 жүзу құралдары, 73 мотопомпалар жұмылдырылды.

ТЖ департаменттерімен, полиция департаментімен және әскери қызметшілермен өзара іс-қимыл аясында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді күшейту үшін қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен офицерлері белсенді көмек көрсетуде. Сондай-ақ, су тасқыны салдарын жоюға еріктілер де қатысуда.

18 мыңнан астам мал уақтылы эвакуацияланды, бұл су тасқыны кезеңінде олардың өліміне жол бермеуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда эвакуацияланған 2331 тұрғын үйлеріне оралды. 

Облыстағы су тасқыны жағдайы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тұрақты бақылауда.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі