Ақмолалық құтқарушылар нәрестені эвакуациялады  

Ақмолалық құтқарушылар нәрестені эвакуациялады   

Ақмолалық құтқарушылар Жарқайың ауданы Баранкөл ауылынан бір жасар баланы эвакуациялады. Сәби қайықпен Далабай ауылына және сол жерден аудандық ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Баранкөл ауылы автомобиль қатынасынсыз қалған болатын. Құтқарушылар тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдардың өтінімі бойынша дәрілік заттар мен тамақ өнімдерін тасымалдауды жүргізуде.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі