Есіл ауданы Двуречное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Есіл ауданы Двуречное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Есіл өзенінің тасуы салдарынан 13 жеке тұрғын үй су астында қалды.
Ақмола облысы ТЖД және ЖАО күштерімен алдын ала 35 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала. Сондай-ақ, қызметкерлер малды қауіпсіз жерге көшірді.
Су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде Двуречное ауылында 5000-нан астам қапшық төселіп, 500 метрден астам үйінді нығайтылды және тұрғызылды.
Жұмыстарға Ақмола облысы ТЖД 150-ден астам адам және 15 бірлік техника, ЖАО және М.Ғабдуллин атындағы АҚО курсанттары жұмылдырылды.