Жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептеулерін сертификаттау

Жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептеулерін сертификаттау

«Қазқұтқару-2023» құтқару көпсайысы бойынша халықаралық семинар өткізу шеңберінде, 2023 жылғы 14-24 мамыр аралығында Алматы облысының Қонаев қаласына «Астана жартасты қаласы» оқу-жаттығу полигонына Орталық Азия елдері төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтерінің мастер-тренингіне қатысу үшін ЖҚЖ екі кинологиялық есебі: бас кинологиялық бөлімшенің құтқарушысы Қ.С. Жуқашев бельгиялық овчаркалар «Аксель» мен «Гера» іздестіру-құтқару иттерімен және кинологиялық бөлімшенің бас құтқарушысы А.А. Ілиясов «Диггер» ләқап атты неміс овчарка іздестіру-құтқару итімен аттанған. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасынан 34 кинологжәне Ресей Федерациясынан (нұсқаушы), Қырғыз Республикасынан, Тәжікстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан 2 кинолог қатысты.

Тренинг шеңберінде техногендік және табиғи орта жағдайында үйінділерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іздестіру-құтқару иттерін қолдану техникасы пысықталды. Нұсқаушылардың басты назары қаза болғандардың денелерін іздеу үшін иттерді қолдану әдістемесін пысықтауға және иттердің мәйіт иісіне реакциясын дамытуға бағытталған.

Мойынсұнушылық пен ептілікті тексеру бойынша «Аксель» іздестіру-құтқару иті 1-кезеңінде 50-ден 44,25 балл жинап табиғи ортада іздеудің 2-кезеңіне жіберілді, онда белгіленген уақыттың 20 минутында 2 шартты түрде зардап шеккендерді тапты (келесі кезеңге өту үшін табылғандардың қажетті саны – 2 шартты зардап шеккен). Техногендік ортада іздеу – 3 кезеңде, белгіленген уақыттың 20 минутында мен 2 шартты зардап шегушіні тапты.

Мойынсұнушылық пен ептілікті тексерудің 1-ші кезеңінде «Гера» атты іздестіру-құтқару иті 50-ден 45,5 балл жинап табиғи ортада іздеудің 2-ші кезеңіне жіберілді, онда белгіленген уақыттың 20 минутында 2 шартты түрде зардап шеккен адамды тапты (келесі кезеңге өту үшін табылғандардың қажетті саны – 2 шартты зардап шеккен). Техногендік ортада іздеу – 3 кезеңде, белгіленген уақыттың 20 минутында мен 2 шартты зардап шегушіні тапты.

Осылайша, ЖҚЖ-ның екі кинологиялық есебі де «А» санатты бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарына рұқсаттарын растады.

Тренинг қорытындысы бойынша кинолог-құтқарушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табыс етілді.

 

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»

                                                                   Жедел-құтқару жасағы