Ақмола облысының құтқарушылары профилактикалық рейдтер өткізуде

Ақмола облысының құтқарушылары профилактикалық рейдтер өткізуде

Біздің облысқа тән климаттық жағдайлар температуралық фонның маусымдық жоғарылауымен сипатталады. Осы кезеңде күннің қатты ысып кетуінен салқын және жылынып үлгермеген су қоймалары облыс тұрғындары мен қонақтарының демалыс орнына айналады. Көптеген ересектер, сондай-ақ кәмелетке толмағандар судағы қауіпсіздік шараларын сақтамай суық суға түсуге ұмтылып, нәтижесінде қайғылы салдарларға әкеп соғатын жағдайларға тап болады.

Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау және облыстың су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жүзу құралында Қопа, Щучье, Бурабай, Зеренді су қоймаларында рейдтер жүргізіп жатыр.

Суда қаза болудың алдын алу шарасы ретінде профилактикалық рейдтерді Ақмола облысының құтқарушылары шомылу маусымы бойы жүргізетін болады.

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»

Жедел-құтқару жасағы