Жол жүру ережелерін сақтау

Жол жүру ережелерін сақтау

2023 жылғы 30 мамырда патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.К. Аймурзиновтың қатысуымен Кокшетау қ. 1 МӨСБ-нің жеке құрамымен жалпы жиналыс өтті. Жиналыста екі негізгі мәселе талқыланды:

  1. Қазақстан Республикасының 2023 жылдағы «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу» бойынша түсіндіру жұмыстары.
  2. Қызмет атқару кезінде және тұрмыста алкогольды мас болған жағдайда қызметтік және жеке автокөлікпен жол жүруге қатаң тыйым салынғаны және жол жүру ережелерін катаң сақтау туралы нұсқаулық.

Сонымен қатар Ж.К. Аймурзинов «Жол жүру ережелері» және «Қазақстан Республикасының жол жүру ережелері бойынша кейбір ережелеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары бойынша түсіндіру әңгіме өткізді.

Жиналыстың соңында Кокшетау қ. 1 МӨСБ-нің бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Ұ.А. Бейсембаев жеке құрамды жол жүру ережелерін сақтауды және қызмет өткеру кезінде, қызметтік және жеке автокөлікті жүргізу кезінде алкогольді ішімдектерді пайдалануға қатаң тыйым салды.

 

                                      Көкшетау қ. 1-МӨСБ  бастығының орынбасары

                                      азаматтық қорғау майоры  Ұ.Бейсембаев