Өрт сөндіру көлігіне жол беріңіз!

Өрт сөндіру көлігіне жол беріңіз!

2023 жылғы 30 мамырда Державин қ. 12-ӨСБ және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп өрт орнына, авариялық-құтқару жұмыстарына бару жолында өрт-құтқару техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ автожүргізушілерді жол мәдениетіне үйрету үшін Державинск қаласының көшелеріне рейд жүргізілді.

Өрт сөндірушілердің оқиға орнына жету жылдамдығынан адамдардың өмірі мен денсаулығы тікелей байланысты болады. Алайда қосулы жарқылдаған маяктар мен дауыс сигналдарына қарамастан, көптеген жүргізушілер, олардың іс-әрекеттері бір адамның өліміне алып келуі мүмкін екендігін ойламай, арнайы техникаға жол бермейді. Өрт сөндіру көлігі қаланың неғұрлым тығыз көлік ағыны бар басты көшелерінен жүріп өтті. Аталмыш рейд өткізудің мақсаты – өрт орнына өрт сөндіру машиналарын өткізу қажеттілігі туралы жүргізушілердің назарына жеткізу. Рейд барысында өрт сөндіру автокөліктеріне жол бермеген жүргізушілер кездесіп жатты. Державинск қ. ЖПҚ қызметкерлері бұзушылармен ескерту мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ кейбір жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрметті жүргізушілер! Есте сақтаңыз, өрт сөндіру автокөлігі қозғалысына кедергі келтіріп, сіз бір адамның өмірін құтқару мүмкіндігінен айырасыз! Өрт сөндіру автомобиліне жол беріңіз, өзге жанның қайғысына немқұрайлылық танытпаңыз!

 

 

Державинск қ 12-ӨСБ