«Жас құтқарушы» байқауының қорытындысы шықты

«Жас құтқарушы» байқауының қорытындысы шықты

«BOLASHAQ SARAIY» акт залында «Жас құтқарушы» байқауының марапаттау рәсімі өтті. Екі күн бойы жас құтқарушылар жарысқа белсенді қатысып, өздерінің бар қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ жаңа білімнің қажетті багажын ала білді, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Байқау барысында ең мықтылар анықталды. Облыстық «Жас құтқарушы» слетінің 7 кезеңінің қорытындысы бойынша ІІІ жалпыкомандалық орынды Біржан сал ауданының «Айбын» командасы, ІІ жалпыкомандалық орынды Қосшы қаласының «Жас құтқарушы» командасы және де жүлделі І орынды Жақсы ауданының «Отты жалын» командасының жас құтқарушылары иеленді.

Сонымен қатар, «Визит карточкасы», «Алғашқы көмек көрсету», «Газет жарнама қалқаны», «Өрт эстафетасы», «Техногендік авария аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» және «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» номинациялары бойынша көшбасшылар анықталды. Барлық жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталып, қалған қатысушыларға естелік кәдесыйлар таратылды.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.