Ақмола облысында қазандық жарылған ғимараттан пеш жағушы құтқарылды

Ақмола облысында қазандық жарылған ғимараттан пеш жағушы құтқарылды

Бүгін күндіз Аршалы ауданы Аршалы кентінде Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектебінің бөлек тұрған ғимаратында қатты отынмен жұмыс істейтін бумен жылыту қазандығы жарылып, 90 шаршы метр алаңда құрылыс қондырғылары бұзылды, өрттің одан әрі жануы орын алған жоқ. Төтенше жағдай орнына құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жетті.

         Қазандықтың жарылуы және құлауы нәтижесінде мектептің үш жұмысшысы ауруханаға жеткізілді, оның біреуі құтқарушылар күшімен құтқарылған болатын. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, денсаулық жағдайлары тексерілуде.

№3 жалпы білім беретін мектепте 395 бала оқиды. Мектептің барлық оқушылары дереу эвакуацияландырылды. Бүгінгі күні мектеп қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Балалар мен мұғалімдердің арасында зардап шеккендер жоқ. Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеевтің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Туындаған төтенше жағдай салдарын жойып, жылу беру жұмыстарын қалпына келтіруге барлық қызметтер тартылды және жедел шаралар қолдануда.

Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша 2014 жылы қазандық ғимаратында екі қазандық орнатылып, өткен жылдың қараша айында түтін мұржасы ауыстырылған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің сегіз қызметкері және бір бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан он бес адам және екі бірлік техникасы және аудандық полиция бөлімінің бес қызметкері мен бір бірлік техникасы, сонымен қатар жедел медициналық көмек көрсету бригадасы жөнелтілді.