«Petro Retail» ЖШС мұнай базасы объектісіндегі өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

«Petro Retail» ЖШС мұнай базасы объектісіндегі  өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

Өрт қауіптілігі жоғары дәрежедегі объектілерде өрт сөндіру дағдыларын жетілдіру мақсатында, 2022 жылғы 29 қыркүйекте Көкшетау қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан «Petro Retail» ЖШС мұнай базасы объектісінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша мұнай өнімдерін сақтау резервуарында шартты өрт пайда болған. Өрт резервуар айнасының бүкіл аумағын тез қамтып, оттың көрші резервуарларға өту қаупі және адамдардың өміріне қауіп төнді. Объектінің кезекші қызметі «101» телефоны бойынша шартты өрт туралы хабарлайды.

Өрт қауіптілігі жоғары объектілерде пайда болатын өрттерге өрт сөндірушілер жоғары шақыру дәрежесі бойынша жауап береді. Сонымен қатар, оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, медицина және апаттар орталығының, жедел медициналық жәрдемнің, Полиция департаментінің, қалалық электр желісінің авариялық қызметінің жедел топтары жіберілді. Өрт сөндіру басшысы объект әкімшілігімен байланыс орнатып, шартты өрт болған жерде барлауды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті деректерді алды.

Келген өрт сөндірушілер дереу жауынгерлік қанат жаюды жүргізіп, жеңқұбыр желісін салды және резервуарды салқындатуға, сондай-ақ жақын орналасқан резервуарларды қорғауға оқпандарды берді. Өрт сөндіру құралдарын тиімді пайдалану үшін көбік шабуылының әрекеттері тексерілді, ол өз кезегінде төбеден арнайы көбік сөндіру оқпандары орнатылған автосаты көмегімен берілді. Оқиға орнында құрылған жедел штаб шартты өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілердің әрекеттерін үйлестірді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарынан 6 негізгі техника бірлігінде құрамы 35 адам және 4 арнайы техника АЛ-32, АЛ-30, АГТҚҚ және АСА-20, «ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы» ММ негізгі техникасының 1 бірлігі, сондай-ақ Көкшетау қаласының шұғыл және коммуналдық қызметтері жұмылдырылды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Молдаханов Ерлан Қадырбекұлы оқу-жаттығуды қорытындылап, әрі қарай кәсіби шеберлікті арттыруды жалғастыру жөнінде ұсыныстар берді.

 

Көкшетау қаласы 2-МӨСБ