«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу сабақтары»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу сабақтары»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы аясында және Көкшетау қаласы ТЖБ кәсіби және қызметтік даярлығын күшейту мақсатында Көкшетау қаласы прокуратурасының маманын шақыра отырып, жеке құраммен сабақтар өткізілді. Көкшетау қаласы прокуратурасының аға прокуроры З.И. Курсабаеваның өткізген дәрісінің мақсаты – қоғамның азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген сенімін арттыру, қызметкерлерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады.
Дәріс барысында бейнефильмдер көрсетіліп, Көкшетау қаласы ТЖБ қызметкерлерінің барлық сұрақтарына толық көлемде жауаптар берілді.


Көкшетау қаласы ТЖБ